Елде смартфондардың сатылымы қысқарып кетті. Өткен бір жылдың ішінде телефондар 15 пайызға аз сатылыпты. Жалпы құны 626 млн доллар. Мамандар басты себебін де атады.
Былтыр валюта бағамы үлкен деңгейде құбылғаны белгілі. Нәтижесінде гаджеттердің импорты да қымбаттаған. Сәйкесінше құнның көтерілуі сұраныстың азаюына әкеліп соқтырыпты.
Оңғар АЛПЫСБАЙ