«Еңбек адамы» республикалық байқауында жеңіске жеткен Базарбаевтар әулетінде 15 адам теміржол саласында қызмет етеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еңбек адамы» республикалық байқауында жеңіске жеткен Базарбаевтар әулетінде 15 адам теміржол саласында қызмет етеді (ВИДЕО)

24.09.2017

Бүгін 24-ші қыркүйек Еңбек күні мерекесі. Осы мерекеге орай «Таңшолпан» бағдарламасында «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ Техникалық даму департаментінің менеджері  Нұрлан Базарбаев қонақта болды. Айта кетерлігі, «Еңбек адамы» республикалық байқауының «Үздік еңбек династиясы» аталымы бойынша Базарбаевтар әулеті жеңімпаз атанған.

Нұрлан Базарбаев осы салада 1971 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Еңбек жолын арнайы жолдамамен Ташкент және Ашхабад қалаларында бастаған. Оның осы салада жүргеніне 40 жылдан асқан, әулетінде теміржол саласында 15 адам жұмыс істейді.

Бағдарлама барысында Нұрлан Базарбаев отбасы мүшелері не себепті осы мамандықты таңдағандарын айтып, теміржолшы болғанда неге мән беру керектігімен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу