Әнші Ибрагим Ескендір студия қонағы болып, өнірдегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Диқан дән себеді, әнші ән себеді. Әндеріммен жастарды отансүйгіштікке шақырамын. Осы бағытта жұмыс жасауға дайынмын. Әр қазақтың бір ғана Отаны бар. Өнер тек ән айтып, лаззат сыйлау емес, ол - үлкен идеология. Жас ұрпақ бізге қарап бой түзейді. Олардың алдында қандай болсақ, ертең олар да дәл сондай болады.
Әкем өнер адамы болды. Бала кезімнен ән-жыр айтып, үретіп отыратын. Соған қарап өстік», - дейді өнер иесі.