15-қыркүйек филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлінің туған күні. Осыған орай бүгін «Таңшолпан» бағдарламасы ғалымды құттықтап қайтты.
Әбсаттар Дербісәлі 50 жылдан аса еңбек жолында білім саласында аянбай тер төккен. Ол алғаш рет 1989 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінде «Шығыстану» факультетін ашты. Осылайша тұңғыш рет «парсы», «қытай», «жапон», «корей» тілдері мамандықтары ашылып, кафедралар құрылды.
Ғалым сондай-ақ, еліміздің шетелдермен қарым-қатынасын жолға қоюға да үлес қосты. Ол Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан елшілігінде кеңесші, Қазақстан мұсылмандары діни бақармасының төрағасы, Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Әбсаттар Бағыспайұлы қазақ, орыс, ағылшын, араб, түрік тілдерінде жарық көрген 40-қа жуық кітап пен 800-ге дейін ғылыми мақаланың авторы.