Абылай ханның кеңесшісі болған Дербісәлі батырға ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай ханның кеңесшісі болған Дербісәлі батырға ескерткіш орнатылды

25.10.2019

Елбасының ұйытқы болуымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды халық іліп әкетті. Павлодар облысының Ресеймен шекаралас Железинка ауданында атақты батыр, қазақтың ханы Абылайға кеңесші болған уақ Дербісәлі баһадүрге ескерткіш белгі орнатылды. Ал келер жылы батырдың туғанына 320 жыл толады. Бұл шара республикалық деңгейде аталып өтеді. Жергілікті тұрғындар өз күштерімен мемориалды кесене құрылысын қолға алмақ.  

Айта кету керек, белгілі ғалым Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде Дербісәлі Бабайұлы жайлы нақты мәліметтер қалдырған. 

Ербол Қайыров, Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінің бөлім меңгерушісі:  

Мына 40 жылдардың аяғына дейін кесене осы жерде тұрған. Бірақ сол кездегі саясаттың әсері, бұл кісінің басына, кесенеге келіп зиярат етушілер көп болған. Батырдың басына келіп ұл сұрайтын, ұрпақ сұрайтын болды. Сондықтан сол кезде кесене бұзылып жермен-жексен етілген.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу