Әнші Роза Әлқожа студия қонағы болып, өмірдегі және өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Мен сыйға тартқан орамал» әніне биыл 18 жыл, сахнада жүргеніме 15 жыл болыпты. Осыған орай халыққа есеп бергім келді.
1-қазан күні Астанада жеке шығармашылық кешім өтеді. Оған 15 жыл бойы сахнаға бірге шыққан топтар, әншілерді шақырамын. Оның ішінде «Жігіттер» тобы, Еркін Нұржанов, Заттыбек Көпбосынов бар. Сондай-ақ, мені алғаш сахнаға шығарған Уәлибек Әбдрайымов ағамыз қатысады. Бұл жаңа бағдарлама болады. Елдің жақсы көретін әндерімен қатар, жаңа әндер айтылады. Қазір Алматыда жаңа туындылар жазылып, өңделіп жатыр.
Тағы бір жаңалық, менің «Сағындым сені» атты әнімді қырғыз елінде орындап жүрген әнші Алтынай Нарбаева кеш қонағы болады», - дейді өнер иесі.