Әнші, композитор Роза Әлқожа ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші, композитор Роза Әлқожа ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

25.05.2016
Әнші, композитор Роза Әлқожа ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

Ертең «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында елордадағы «Қазмедиа» орталығында әнші Роза Әлқожаның концерті өтеді. Осыған орай әнші «Таңшолпанға» шығармашылық жаңалықтары туралы сұхбат бермек.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясында психолог-маман мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыруда психологиялық қолдау көрсетіп, мотивация беру, өз-өзін ұстау кеңестерімен бөліспек.

Және тісті күту, аутизм ауруын емдеу жолдары, ерекше хоббиі арқылы танылған адамдар туралы сюжеттерді көре аласыздар.

Тағы айта кететін жайт, ертеңгі бағдарламадан Халық жазушысы Қадбеш Жұмаділовтің 90 жылдығына байланысты қаламгердің өмір жолына қатысты қызықты мәліметтерден хабардар бола аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу