IT-сарапшы Ерлан Оспан: Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық деңгейде сақтаудың амалы – сауаттылықты арттыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IT-сарапшы Ерлан Оспан: Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық деңгейде сақтаудың амалы – сауаттылықты арттыру

05.09.2017

Кейінгі жылдары киберқауіпсіздік, кибершабуыл деген ұғымдарды жиі естіп жүрміз. Жаһандағы «жуан» елдер бір-біріне жасырын кибершабуыл жасап, соның залал-зардабын тартып отыр. Қазақстан үшін де елдің ақпараттық қауіпсіздігі өте өзекті. Осы мәселеге орай бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы – IT-сарапшы Ерлан Оспан.

«IT саласының мамандары кибершабуылды «ядролық қаруға» теңейді. Себебі, одан келген зауал кейбір алпауыт мемлекеттердің өзін тұралатып тастауы мүмкін. Қазақстанда кибершабуыл бойынша тіркелген ірі оқиғалар көп. Өйткені, мемлекеттік деңгейдегі болмаса, біздегі жеке меншіктегі, облыстық, аудандық органдарға қарайтын сайттар қорғалмаған»,- дейді сарапшы маман.

«Біз үшін киберхакерлер  «жасырын майдан майталмандары» образында. Бірақ, олар - өз-өзін сынап көргісі келетін, дәлелдегісі келетін, айдай әлемге танылғысы келетін 15-25 жас аралығындағы жастар. Мұндай «мамандар» бізде де бар. Мақсаттары кек алу немесе ақша болуы мүмкін.

Ақпараттық шабуылдан қорғануды азаматтардың сауаттылығын арттыру арқылы ғана қарастыруға болады. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық деңгейде сақтаудың амалы да осы сауаттылықпен өлшенеді.  Жаһанда қылмыстың бұл түрімен жүргізіліп жатқан амалдардың барлығы – итжығыс күрес».

«Қазақстан кибершабуылға жиі ұшырайтын елдер қатарында деген дерек қаншалықты рас? Еліміздің ақпараттық кеңістігі кибершабуылшылардан қаншалықты қорғалған?

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу