Ватикан павильонында қабырғаға ілінген суреттерден бұл өлкеде қолданылатын күн, жел және су энергиясы туралы білуге болады. Әйнек еденнің астында жиналған қоқыс арқылы ұйымдастырушылар тұрмыстық қалдықтың қоршаған ортаны қаншалықты ластайтынын және қоқысты өңдеудің маңыздылығын меңзеген. Сондай-ақ бұл павильонда әр елдің энергияны қаншалықты тұтынатыны көрсетілген.
Павильондағы үлкен залға Ватиканның ғалымдары жасаған мектеп автобусы орналастырылған. Төбесінде күн батареялары бар көліктегі компьютерлерді қолданып, оқушылар сабақ оқи алады. Шатырына 2400 күн панелі орналастырылған ерекше ғимараттың макеті де осы залда.
12 ғасырда белгісіз автор салған суреттердің көшірмесі алтын залда орналасқан.
«Адамзат баласының ғаламшарымыздағы жауапкершілігі үлкен. Әрқайсысымыз қоршаған ортаның ластанбауына, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылмауына өз үлесімізді қоса аламыз. Сонымен қатар энергия өндіру көздері шектеулі елдерге қол ұшын созғанымыз дұрыс. Біз осы идеяларды дәлелдеуге тырысамыз», - дейді Ватикан павильонының комиссары Гвидо Треццаны.