«Таңшолпан». Финляндия павильонының ерекшеліктері  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Финляндия павильонының ерекшеліктері  (ВИДЕО)

08.08.2017

Финляндия павильонында ғылым, техника және білім беру саласындағы жаңалықтар өте көп. Бұл павильон «Таза энергия», «Ақылды қала», «Сапалы су» және «Сапалы білім  беру» атты төрт бөлімнен тұрады. 

Финляндияда қыс мезгілі ұзаққа созылатындықтан, павильонның қабырғалары ақ түсті. 
Бірінші секцияда «Oilon» атты оттан және Күннен қуат алып, ұялы телефоныңыз бен планшетіңізді қуаттандыруға мүмкіндік беретін рюкзак қойылған. 

Сонымен қатар, бұл жерде Финляндияда негізгі құрылыс материалы қарағай екенін және фин шеберлері ағаштың ұсақ жаңқаларын да кәдеге жарататынын білесіз. 

Үшінші секцияда елде 200 мыңдай көл бар екенін және табиғи су қоры өте таза екенінен хабардар боласыз. 
Ал, төртінші секцияда елдің білім беру саласы туралы біраз мағлұмат беріледі. Финляндияның символы – Санта Клаус болғандықтан, ұйымдастырушылар оны да ерте келген. 

Сонымен қатар Финляндияда сәбилердің құрметіне берілетін аналық қорапшаға куә боласыз.

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу