Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға 280 мыңға жуық адам өтініш білдірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға 280 мыңға жуық адам өтініш білдірген

08.08.2017
Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға 280 мыңға жуық адам өтініш білдірген

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың 2017 жылдың 7 айындағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды.

Б.Нұрымбетов Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017 жылға 85,3 млрд теңге қарастырылғанын мәлімдеді.

Биылғы жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша, Бағдарламаға қатысуға 276,2 мың адам өтініш білдірді, олардың 248,4 мыңы бағдарлама қатысушыларының құрамына қосылды. Олардың қатарында жұмыссыздар – 200 мың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 48,4 мың адам. Есеп беру күніне 213,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 178,3 мыңында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар. Тұрақты жұмыс орнына жұмыспен қамтылғандардың 56,1% (119,9 мың адам) орналасты.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҰБТ-дан өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері тегін кәсіби және техникалық білім берумен қамтамасыз етіледі.

21 мыңға жуық жас 2,5 жылға КжТБ оқуға жіберіледі, олардың оқуларының ақысы әрі шәкіртақысы, жол жүруге жұмсайтын ақшалары төленеді және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап нарықта сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша жұмысшы мамандарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту жұмыстары басталды. Бүгінде қысқа мерзімдік курстарға 27,7 мың адам бағытталған.

 

primeminister.kz

 

Хабарламаларға жазылу