Нұрғали Нүсіпжанов: Орындаушылар ауысуы мүмкін, халық жүрегінен орын алған шығармалар сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрғали Нүсіпжанов: Орындаушылар ауысуы мүмкін, халық жүрегінен орын алған шығармалар сақталады

15.07.2017

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Бүгін елордада әншінің 80 жылдық мерейтойына және шығармашылығының 60 жылдығына арналған «Өз елім» атты ән кеші өтеді.

«Халық өміріне рухани азық болатын өнердің алар орны ерекше. 60 жылда жиған-тергеніміз бар. Қазақ ән өнерінің қалыптасу кезеңі десек, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Мыңжасар Маңғытаев  сияқты аты өшпеген өзімнің замандастарым еске оралады. Кеште Құрманғазы оркестрінің сүйемелдеуімен осы тұлғалардың шығармалары орындалатын болады. Сондай-ақ, кезінде жазылып, түрлі себептермен халыққа жетпей қалған туындылар да бар.

Елімізде өтіп жатқан маңызды шара – «EXPO тойына» шашуым - осы», дейді әнші.   

Сондай-ақ, өнер иесі киелі сахнадағы кейінгі буынға ақылын жеткізді.

«Өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары қазақ ән өнерінің негізі қалыптасты. Соған атсалысқанымның өзін бақыт санаймын. Орындаушылар ауысуы мүмкін, бірақ, қазақтың үлкен өнері, халық жүрегінен орын алған шығармалары сол күйі сақталады. Жас әншілерге айтарым, ұлтымыздың  қасиетін танытатын, дәстүріне айналған өнер туындыларын Туымыз сияқты көтеріп жүруіміз керек».

Хабарламаларға жазылу