«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы кішкентай көрермендерін тағы да қуантпақшы. Ертеңнен бастап арна эфирінде «Жүйріктер сайысы» атты жаңа мульттоптаманың тұсауы кесіледі.
Мультхикая жасанды санамен жасақталған болашақтағы ойыншы машиналар туралы сыр шертеді. Олардың негізгі мақсаты - өз араларында өтетін жүйріктер сайысында кімнің ұшқыр екенін анықтау. «Джино» атты машинаның бар арманы - жеңімпаз атану еді, жарыстардан қалмай, бар ықыласымен қатысады. Тек үздіксіз жаттығу мен мінсіз стратегиялық жоспардың арқасында ғана оның жеңімпаз атануға мүмкіндігі бар. Олармен бірге келешекте «WatchCar» турниріне қатысатын жас көрермендер арманға жету мен танымалдылыққа ие болу үлкен күшті қажет ететінін түсінеді.
Жаңа туынды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10:00-де көрсетіледі.