«Таңшолпан» бағдарламасы маусым айынан бастап көрермендер арасында «Бұл - менің қалам» байқауын өткізді. Шарт бойынша қатысушы өзінің тұрып жатқан қаласының көрікті жерлерін, көрнекті орындарын бейнежазбаға түсіруі керек.
Редакция қоржынына еліміздің әр аймағындағы қала тұрғындарынан 50-ден астам видео келіп түсті. Олардың ішінен іріктеліп алынған бейнежазбалар тікелей эфирден көрсетілді.
Байқау жеңімпаздары «Үздік түсірілім» және «Патриот тұрғын» аталымдары бойынша анықталды.
Бүгін жүзден жүйрік шыққан 8 қатысушының есімдері бағдарлама барысында жарияланды. Оларға арнайы бағалы сыйлық пен Алғыс хат та ұсынылмақ.