Алматыда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

27.06.2017

Алматыда журналистердің кәсіби мерекесіне орай қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары марапатталды.  Оған мемлекеттік тілді дамыту бағытында жыл басынан бері қалам тартқан 100-ден аса журналист қатысқан. Солардың ішінен, қазылар алқасы қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге атсалысқан тілшілерді анықтады. Алайда, кіл мықтының ішінде кімнің мықты екенін анықтау қиынға түскен. «Десек те, сөз саптауы бөлек, қаламы қарымды тілшілер іріктелді», - дейді ұйымдастырушылар.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу