«Шалқар» радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы «Үркер» сыйлығымен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы «Үркер» сыйлығымен марапатталды

29.06.2017
«Шалқар» радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы «Үркер» сыйлығымен марапатталды

Астанада Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.  

Бір ай көлемінде келіп түскен 100-ден астам өтінімнің арасынан үздік деп танылған жұмыс авторларына естелік мүсінше мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі, жүлде қоры - 15 миллион теңге.

Байқауда «Шалқар» радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы «Үздік радиобағдарлама» номинациясының иегері атанды.  Ал, «Үздік аймақтық радиостанция» аталымы бойынша  «Астана» радиосы жеңіске жетті.

Айта кетейік, мамыр айының басында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді Баспа, радио және интернет журналистика  саласындағы тұңғыш «Үркер» ұлттық сыйлығына қатысуға шақырған еді. Байқауға қатысу туралы өтініштер 7 мамыр мен 7 маусым аралығында қабылданды. Ұсынылған еңбектерді белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіби журналистерден құралған қазылар алқасы сарапқа салды.

Хабарламаларға жазылу