«Айтуға оңай...». Арман Шораев: «Қазақстан барысының» 100 пайыз әділ өтуіне жағдай жасап жатырмыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Арман Шораев: «Қазақстан барысының» 100 пайыз әділ өтуіне жағдай жасап жатырмыз (ВИДЕО)

29.06.2017

Еліміздің басты спорттық шараларының бірі - «Қазақстан барысы-2017» осымен жетінші рет өтпекші. Турнир дәстүрлі мереке Астана қаласының күніне орай жыл сайын елордада өтеді. Беделді дода алдыңғы жылдары «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылды. Ол жерде ойынды 10 мың жанкүйер тамашалай алатын. Кейін турнир 2015 жылы есігін ашқан «Барыс Арена» заманауи спорт кешенінде өтетін болды. Онда 12 мыңға жуық көрермен сияды.

2012 жылдан бері қазақ күресінен республикалық турнирді Ресейдің «Боец», «Матч ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» және Қазақстанның Ұлттық арнасы көрсетеді. Жыл сайын доданы 60 млн-ға жуық адам тамашалайды.

«Қазақстан барысы» турнирінің авторы, ұйымдастырушысы Арман Шораев бағдарлама қонағы болды.

«Биыл турнирді тұңғыш рет «Барыс Аренада» өткізгелі жатырмыз. Арена спортшылар үшін де, көрермендер үшін де өте ыңғайлы. Меніңше, дода бәріне ұнайды. Биылғы турнирдің ерекшеліктерінің бірі - қатысатын палуандардың жартысы жас, әлі аты шықпаған жастар. Ол - қуантатын жайт. Ауыл, аудан, облыстағы іріктеулер жоғары деңгейде өтті.

Адам баласы қателесуі мүмкін. Сондықтан, төрешілік ету қиын. Біз доданың 100 пайыз әділ болуына жағдай жасап жатырмыз.

Сондай-ақ, қыркүйектің 7-8-і «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында «Әлем барысы» турнирі өтеді», - дейді Арман мырза.

Естеріңізге саламыз, доданы 2-шілде 13:00-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің басты ақпарат таратушысы.

Хабарламаларға жазылу