Қазақ даласындағы 86 түрмеде 35 мыңнан астам адам қамауда отыр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ даласындағы 86 түрмеде 35 мыңнан астам адам қамауда отыр (ВИДЕО)

24.06.2017

Қазақ даласында бүгінде 86 абақты бар. Онда 35 мыңнан астам сотталушы отыр.  Бұл дегеніңіз, 100 мың қазақстандықтың  200-ге жуығы  түрмеде деген сөз.

Бұл көрсеткіш бойынша біздің ел әлемде 47-ші орында. Қытайда 1 649 804  сотталушы бар. Ресей абақтыларында 623 642, Бразилияда 659 020, ал, Үндістанда 418 586 адам түрмеге тоғытылған.  

Әр адам өз тағдырының қожасы.  Қазақстандағы түрмелердің 75 пайызының тозығы жеткен. Олар өткен ғасырдың 30-50-ші жылдары салынған деген ақпарат айтылып еді. Қазіргі ахуал қалай және абақтыға айдалған  ер мен әйел арасында адам төзгісіз қорлық көре ме? Сауалдардың жауабын 1 апта бойы қатаң режимдегі абақтыларда аралап қайтқан тілшілеріміз Айбар Төлжанұлы мен Арайлым Кәрімқызы айтады.

Хабарламаларға жазылу