«Айтуға оңай...». Гүлмира Сәмбетбаева: Ауылдастарым асарлатып 40 күнде жаңа үй салып берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Гүлмира Сәмбетбаева: Ауылдастарым асарлатып 40 күнде жаңа үй салып берді (ВИДЕО)

21.06.2017

Адамгершілік - ардың ісі. Үйі өрттен, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға ауылдастары не достарының асарлатып үй салып беру - игі іс.

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Ақтоған ауылында ерекше еріктілер тобы құрылды. Олар жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға асар жасап, үй салып беруді дәстүрге айналдырған. Қазірдің өзінде бұл ауылда 6 үй жаңадан бой көтерген.

Осы ауылдың тұрғыны Гүлмира Сәмбетбаева бірнеше жыл бұрын баспанасыз қалған. Қазір ол ауылдастары салып берген 3 бөлмелі үйде тұрады. Бұл үйге ауыз су мен газ кіргілізіліп, телефон желісі де жүргізілген.

«Мектепте 45 жыл қызмет еттім, қазір зейнеткермін. 2009 жылы жұмыстан үйге келсем, үйім құлап қалыпты. Оның алдында жаңбыр жауған етін. Үй ескі, әке-шешемнен қалған. Олар қайтыс болып кеткен. Жалғыз балам бар еді, ол да қайтыс болып кеткен. Жалғыз тұрамын. Содан соң бірге қызмет жасайтын әріптестеріме бардым.

Үлкен басшылар, әкімшілік келіп, ауылдастарыммен ақылдасып үй салып, газ, су, телефон жүргізіп берді. Ауылдың 400 азаматы 40 күнде 3 бөлмелі үй салып берді. Ауылдастар ақша, мал беріп жатты. Олармен бірге мектептегі оқушылар да келіп асарласты. Бәріне алғысым шексіз», - дейді Гүлмира апа.

Хабарламаларға жазылу