Бауыржан Исабеков: Мақсат - жасыл энергия арқылы алынатын тауарлар өндірісін арттыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исабеков: Мақсат - жасыл энергия арқылы алынатын тауарлар өндірісін арттыру

15.06.2017

«Басты тақырыптың» бүгінгі шығарылымында Астана экономикалық форумы жайлы сөз қозғалды. Студия қонағы – экономикалық сарапшы Бауыржан Исабеков.
-Биыл Астана экономикалық форумына не себепті «Жаңа энергия, жаңа экономика» тақырыбы таңдалып отыр?
- Біз экономикалық сарапшылардың дүниежүзілік статистикасына қарайтын болсақ, дамыған елдердің әлем бойынша энергия пайдаланудағы үлесі 20 пайызды құрайды. Бұл болашақтың «тренді» деп айтуға болады. Себебі, қазақ елінің кең даласындағы жер, Күн, су секілді табиғи қорларды пайдалану дүниежүзілік трендпен қатар жүре отырып, оларды тиімді пайдаланудың көздерін табу - бүгінгі Қазақстан үшін өзекті мәселердің бірі. Сондықтан, 10-шы экономикалық форумның «Жаңа энергия, жаңа экономика» деген тақырыбы өте өзекті.
- Болашақтың энергиясын өндіруде Қазақ елінің әлеуеті жете ме?
- Осыдан екі жыл бұрын Париж конвенциясы қабылданған болатын. Соған сәйкес, біздің мемлекетте де жасыл экономика тұжырымдамасы қабылданды. Бүгінгі таңда жалпы ішкі өнімнің 1,2 пайызын жасыл энергия арқылы алынған тауарлар өндірісі құрайды. Мұны 2030-жылға дейін 20 пайызға жеткізу - біздің алдымызда тұрған меже. Осы бойынша шаралар жүйесі жасалған және жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан, Қазақстандағы зауыттардың ауаға кететін газдарының мөлшерін азайтып, таза табиғи өнімді ұйымдастырып, ортаны ластамайтын технологияны қолдану – жақын болашақтағы іс деп ойлаймын.

толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу