Радикалды ағымға бой алдырған адамдармен жұмыста қай жағынан кемшін түсіп жатырмыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Радикалды ағымға бой алдырған адамдармен жұмыста қай жағынан кемшін түсіп жатырмыз?

04.06.2017

Бұл сауалға теолог, «Нұрлы білім» орталығының өкiлi Рүстем Сыздықов жауап берді.

«Қазақстан өзін саяси, әлеуметтік, тарихи субъект ретінде танитын болса, демек, әлемде лаңкестік бағытта болып жатқан үрдістер бізде  де болады. Бұл – заңдылық. Бір жыл ішінде бірқатар мемлекеттік арнайы органдар, тиісті тұлғалар, азаматтық қоғам институты тарапынан осы лаңкестік әрекеттің алдын алу бағытында біраз шаралар атқарылып жатыр. Бірақ, кейбір әттеген-ай деген жерлері бар.

Бірінші мәселе, біз былтырғы қайғылы оқиғадан кейін Елбасымыздың  айтқан сөзін баршамыз естідік. «Әр лаңкестік әрекеттің астарында идеологиялық негіз жатыр». Біз идеологиялық мәселелерді, оның ішінде діни құндылықтарды, қазақтың төл болмысындағы таным жүйелерін түземей, жалпы қазақстандықтарды бұл лаңкестік әрекеттерден аман сақтап қаламыз деу ақиқатқа томпақ келеді.

Түзеу мекемелері болсын, азаматтық қоғам сегменттері болсын өкінішке қарай, бүгінгі таңда әлі күнге дейін біздің сарапшы ретінде жазған хаттарымызға, мақалаларымызға қарамастан, кейбір БАҚ-да оның ішінде интернет  кеңістігінде ғалымдардың радикалды, экстремистік бағыттағы уағыздары толып тұр.

Осы орайда біздің прокуратурадағы арнайы комитетіміз бар, Құқықтық статистика және арнайы тізім комитеті бар. Осы комитеттің тізімін қарайтын болсаңыздар, 684 баптап тұратын тыйым салынған тізім бар. Экстремистік бағыттағы материалдарға. Ал, көршілес мемлекеттердің тәжірибесін зерттейтін болсақ, мысалы, Ресейдіің арнайы экстремистік бағыттағы материалдарында 4 мыңнан астам тізім бар»,-дейді ол.

 

Хабарламаларға жазылу