03.06.2017."Мәселе". Түнгі мерзімде көше кезетін жасөспірім неге көп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

03.06.2017."Мәселе". Түнгі мерзімде көше кезетін жасөспірім неге көп?

03.06.2017

ҚР ІІМ-нің 2016 жылдың соңындағы ақпараты бойынша, жасөспірімдер жасаған қылмыс 11 пайызға артқан. Жылына 100 мың жеткіншек полицей учаскелерінде қалауынан тыс «қонақ» боп кетеді.

2015-2016 жылдары жасөспірімдердің қатысымен 3800 қылмыс жасалған. Кәмелет жасына жетпегендер 23 рет адам өлтірген, 49 рет қарақшылық шабуыл жасап, 527 рет адам тонаған, 1930 рет ұрлық жасаған.

Түнгі белгіленген мерзімнен кейін көше кезетіндер неге көп?! Қылмыс жасамаса да, көшеде жүрген баласының қылмыстың құрбаны болып кететінін көп ата-ана ойлай бермейді. Балаға мүлтіксіз сену, шаң жуытпау, ата-ананың немқұрайлылығынан қазір 11 мың бала нашар тәртібі үшін полицейлер назарында тұр. Тағы 420 бала арнайы мектептерде оқшау оқып жатыр. Ал, жыл сайын адам өлтіру, төбелес, ұрлық сияқты қылмыстардың 11 пайызын 18 жасқа толмағандар жасайды.

Сондықтан, енді мемлекет баласына қарамайтын ата-анаға айыппұл салмақ.  

Баланың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін не істеу керек? Толығырақ Әлия Әшімнің сюжетінде.

 

Хабарламаларға жазылу