Төлеутай Рақымбеков: Ауыл шаруашылығы саласында 2-3 ай ішінде көзге түсерліктей көрсеткішке жету өте қиын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлеутай Рақымбеков: Ауыл шаруашылығы саласында 2-3 ай ішінде көзге түсерліктей көрсеткішке жету өте қиын (ВИДЕО)

30.05.2017

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімділігі  бойынша нәтиже неге көңіл көншітпей тұр? Бүгін Үкімет басшысы салаға жауапты шенеуніктерге осы сауалды төтесінен қойды.

«Кооперативтер құрып жатырмыз. Бірақ, ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын кәсіпорындардың өндіретін тауарларының көрсеткіші  төмен. Сонда бұл кооперативтер өнімді  қағаз жүзінде шығарып жатыр ма?»,-деді Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі «Басты  тақырыпта» да осы мәселе қозғалмақ. Студия қонағы - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі – Төлеутай Рақымбеков.

Вице-министрі аталмыш салада нәтиженің неге аз екеніне тоқталды.

«2017 жылы ауыл шаруашылығы оның ішінде агроөнеркәсіп кешені жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатыр.  Бұл бағдарлама 14 ақпанда Елдбасының Жарлығымен бекітілген, ал, іс-шаралар жобасы Үкіметтің Қаулысымен наурыз айында бекітілді. Осы 2-3 айдың ішінде біраз жұмыс атқарылды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы саласында осынша уақыттың ішінде көзге түсерліктей көрсеткішке жету өте қиын. Нәтиже әлі алда»,-дейді Төлеутай Рақымбеков.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру процесі қалай жүріп жатыр?

«Ең бірінші талап – кооператив мүшелерінің саны 20-дан төмен болмауы керек. Отбасылық шағын шаруа қожалықтары да кооператив мүшесі  бола алады. Аймақтарда жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үшін облыс, аудан, ауыл әкімшіліктерге алғыс».

Хабар барысында сондай-ақ субсидия мәселесі де қозғалды.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу