Банк қызметкерлерінен құралған «Банк квинтеті» тобы «Ән салады мамандар» жобасында бірінші болып өнер көрсетті. Тәлімгерлері - Гүлнұр Оразымбетова.
Әнші тобына «Мен жүрегіммен, жаныммен, бар болмысыммен сіздермен біргемін. Сондықтан, ең бастысы, сахнада сіздерден басқа «жұлдыз» жоқ деп сезініңіздер», - деген ізгі-ниетін білдірді. Банк қызметкерлері бұл жобада Айқынның «Асылым» әнін орындады.
Қазылар алқасы олардың өнеріне оң бағаларын берді. Алайда, ән орындауға байланысты Жанар Айжанова бірқатар ескертулер жасады.