Оралбек Ботбай: Ауылдың көркейгені – қаланың көркейгені (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралбек Ботбай: Ауылдың көркейгені – қаланың көркейгені (ВИДЕО)

16.05.2017

Бүгінгі «Басты тақырып» Президент мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы туралы болды. Студия қонағы – кәсіпкер Оралбек Ботбай.

«Биыл Елбасы еліміз үшін маңызды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасы аясында мен туған жерімде Қошқар ата кесенесін көтердім. Ауылға «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 50 азаматты алып барып, конференция өткізіп, альбом шығардық.

Өзім Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылынанмын. Біздің ауыл әлі инвестор келмеген, ешбір түтін, газ бармаған таза ауыл. Қызығушылық танытып жатқандар баршылық. Қолымыздан келгенше, ауылға әлі де қызмет ете бермекпіз»,-дейді кәсіпкер.

Хабарламаларға жазылу