Өмірзақ Озғанбаев: Отыз жыл ішінде «Ардагерлер ұйымы» үлкен күшке айналды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірзақ Озғанбаев: Отыз жыл ішінде «Ардагерлер ұйымы» үлкен күшке айналды (ВИДЕО)

09.05.2017

Тележүргізушінің біздер, бүгінгі ұрпақ аталар алдындағы парыз бен қарыздан құтыла алдық па, жалпы бабалар ерлігін ұрпаққа қаншалықты насихаттай алдық деген сауалына жауап ретінде Өмірзақ Озғанбаев бұл бағытта елімізде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Ардагерлер ұйымы» осыдан 30 жыл бұрын құрылған еді. Ондағы мақсат – соғысқа қатысып келген азаматтарға ерекше назар аудару. Олардың шешілмеген мәселесін бірінші кезекте шешу, ерлігіне мән беру, сондай-ақ, бабалар ерлігін жастар тәрбиесінде кеңінен пайдалану. Осы 30 жыл ішінде біздің «Ардагерлер ұйымы» үлкен күшке айналды.

Қазір ұйым сапында  бір миллион 800 мыңнан астам адам бар. Олар еліміздің бүгінгі бейбіт өмірін жақындатқан,  Кеңес дәуірінде, кейінгі Тәуелсіздік жылдарында елдің еңбек арбасын иықтарымен сүйреп келген азаматтар. Бүгінде ел ағасы болып қалған олар жастар тәрбиесіне белсене араласып жатыр»,-дейді.

Еске сала кетейік, бүгінгі басты тақырып Жеңістің 72 жылдығына арналды.

Хабарламаларға жазылу