Өмірзақ Озғанбаев: Бұл біздің ғана емес, тұтас елдің басына түскен зұлмат еді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірзақ Озғанбаев: Бұл біздің ғана емес, тұтас елдің басына түскен зұлмат еді (ВИДЕО)

09.05.2017

Биыл II Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына – 72 жыл. Бүгінгі «Басты тақырып» Жеңіс күні  төңірегінде әңгіме өрбітті. Студия қонағы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңес төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев.

Зұлмат жылдар басталғанда өмірге келген Өмірзақ Озғанбаев әкесі соғысқа аттанғанда небәрі екі-ақ айлық сәби екен.

«Бұл біздің ғана емес, тұтас елдің басына түскен зұлмат болды. Біз сияқты талай бала жақын туыстарының қамқорлығымен ержетті»,-дейді.

Соғыс аяқталғанда 4 жаста болған ол қан майданның аяқталғаны бүкілхалықтық мереке болғанын айтады.

«Ол кезде Жеңіс тойын тұтас ел тойлады. Ауылда  қалғандардың да, жақындарының қайтқаны жөнінде қара қағаз алғандардың да, майданнан мүгедек болып оралғандардың да қуанышында шек болмады. Көздерінде жас, езулерінде күлкі бар еді. Көз жасы мен езудегі күлкі араласқан сәт болды»,-деп еске алды ол.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу