Ұйғыр этносының өкілі Наргизам: Қандай мереке болса да біздің дастарханнан бауырсақ пен ет үзілген емес (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұйғыр этносының өкілі Наргизам: Қандай мереке болса да біздің дастарханнан бауырсақ пен ет үзілген емес (ВИДЕО)

01.05.2017

Бүгінгі «Әйел бақытында» бірлік күніне арналған арнайы мерекелік шығарылым болды. Бағдарламаға түрлі этнос өкілдері келіп, ойларымен бөлісіп, барша Қазақ елін мейрамымен құттықтады.

Алматы облысынан келген ұйғыр этносының өкілі Наргизам лағманның көп түрін алып келіп, көпшілікке таныстырды.

Лағман -  ұйғыр халқының ұлттық тағамдарының бірі. Оның қоспалары әртүрлі болады. Атап айтсақ, сірке сумен қуырылған  босо лағман,  қызанағы көп  цоуман лағман, гуйру, суйру,  жұмыртқа мен жусай араластырылған лағман  сынды түрлері бар.

«Аптасына кем дегенде бір рет  ет асылады. Қандай мереке болса да біздің дастарханнан бауырсақ пен ет кетпейді. Әрқашанда біз қазақтың етін жейміз»,  - дейді Наргизам.

Хабарламаларға жазылу