Астана күніне дайындық қызу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күніне дайындық қызу

05.07.2014
Астана күніне дайындық қызу

Астана күніне дайындық қызу. Ертең барлық қазақстандықтар ең елеулі мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтеді. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, шеберлер қолөнер бұйымдарын ұсынады. Ал, аспаздар түрлі тағамдармен көпшілікті ақ дастарханға шақырады.                                                                              

Шағын ғана ауылдың тұрғыны Меруерт Сәрсенбекқызы - бұл мерекеге 6 жыл қатарынан қатысайын деп отыр. Жай қатысып емес, мейрам көркін қыздыра түсу үшін үлес қоспақ. Ол мереке күндері қонақтарға ұлттық сусынымыз қымыздан дәм татқызады. Дертке шипа, денеге күш беретін сусынды шетелдік меймандар арасында насихаттау басты мақсатым, дейді ол.

Меруерт Сәрсенбекқызы, Ақмола облысының тұрғыны:

Күніне 30 литр шығады. Былтыр 100 литр алып барсам, биыл оның көлемін арттырамын.

Бұл айтулы күнге өзге елдің азаматтары да арнайы келіп жатыр. Якутияның қолөнер шебері Айсен Савинов 200-ден астам туындысын алып келіпті. Бір жағынан пайда тапсам дейді, екінші жағынан якуттардың ұлттық қолөнерін көрсетсем, екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықты бекіте түссем деп отыр.

Айсен Савинов, шебер:

Мен Астанаға бірінші рет келдім. Таңданысымды жасыра алар емеспін. Өте әдемі қала. Біздің елде барлығы Астананың туған күніне келгісі келеді, ол біз үшін мәртебе. Менің кәсіби шебер атанғаныма 10 жыл болды. Мереке барысында кез келген адамға шеберлік дәрістерін көрсетемін.

Жалпы, Астана күнін биыл жылдағыдан ерекше етіп өткізу көзделуде. Оған елордалық қана емес, өзге де өңірлердің кәсіпкерлері де атсалысып жатыр. Солардың қатарында Жанболат Сүйінбай да бар. Жеке кәсіпкер бұл күні ақшаңқан киіз үйлерде түрлі тағам ұсынады. Оның ішінде ет, бауырсақ, тәтті тағамдар бар.

Жанболат Сүйінбай, кәсіпкер:

Таңғы 08.00-ден кешкі 22.00-ге дейін дайындалып, қызмет жасап жатырмыз. Қала күніне келіңіздер. Дайындық 1 ай бойы жүріп жатыр.

«Төртеу түгел болса төбедегі келеді». Бұл сөзді біздің ел азаматтары басшылыққа алған. Астана күнін асқақтата түсу үшін барлығы 20 мың адам қатысады, дейді мамандар. Ең басытысы, өзгелердің алдында ұялмастай болуымыз керек.

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу