Мұхамедияр Рашай: Радиоға ең көп қоңырау таңғы 6 мен 7-нің аралығында соғылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхамедияр Рашай: Радиоға ең көп қоңырау таңғы 6 мен 7-нің аралығында соғылады

28.04.2017

Таң атпай тыңдармандарын жағымды дауыстарымен оятатын Қазақ радиосының редактор-жүргізушілері Мұхамедияр Рашай мен Әйгерім Оралбекқызы бүгін көрермендерімен қауышты. Олар Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, бас радионың жаңалықтармен бөлісті.

«Бұған дейін біздің таңғы эфир сағат 7 мен 9 аралығында болатын. Соңғы 1 ай көлемінде таңғы 6-дан бастап 4 сағат тікелей эфирге шығамыз. Біз тыңдармандарымызды ауылдан немесе қаладан деп бөлмейміз. Дегенмен, соңғы кездері бізге қоңырау шалушылардың дені - қалалықтар» - дейді Мұхамедияр Рашай.

Қазіргі таңда Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы - қазақ тілді радиоарналардың ішінде көш басында тұр. Бұл сараптаманы «TNS Central Asia» зерттеу орталығы шығарған. Радиолардың мұндай нәтижеге жетуі - жаңа форматқа көшкендігінде.

Тағы бір қуанышты жайт, радио тек қазақстандық қана емес, алыс-жақын шетелдерден де тыңдармандар жинап үлгергендігін радио қызметкерлері тілге тиек етті.

Айта кетейік, ұлттың үнжариясы жаңа формат негізінде жұмыс бастағалы бері 24 сағат бойы тікелей эфирге шығады. Сондай-ақ күн сайын тыңдармандарға әдемі әуен мен ұлттық мүдде тұрғысындағы мазмұнды хабарлар ұсынып келеді.

Хабарламаларға жазылу