«Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалдарының дизайнерлеріне шеберлік сыныбы өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалдарының дизайнерлеріне шеберлік сыныбы өткізілді

20.04.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалдарының дизайнерлеріне шеберлік сыныбы өткізілді

2017 жылдың 19 сәуірінде Дизайн орталығының директоры Тимур Қасабеков облыстық филиалдардағы дизайнерлерге арналған шеберлік сыныбын ұйымдастырып, өзінің телевизияда дизайн құру бойынша көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік сыныбы барысында қатысушыларға 3 d  моделдеу, анимация, компоузинг, түстерді өңдеу, моушн-дизайн сахнасын құру бойынша пайдалы әрі практикалық кеңестер берілді, кейбір қатысушылар графиканы беру жылдамдығына әсер ететін VizRT жүйесі жайлы сұрады. Шара жеңіл шығармашылық атмосферада өтті.

Сонымен қатар облыстық филиалдарда қызмет ететін әріптестерге экскурсия ұйымдастырылып, «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы заманауи технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды.

Хабарламаларға жазылу