«Басты тақырып». Түркиядағы референдумда Ердоғанның саясатын қолдаушылар неге басым түсті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Басты тақырып». Түркиядағы референдумда Ердоғанның саясатын қолдаушылар неге басым түсті?

18.04.2017

Студия қонағы - Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Әлкей Марғұланұлы.

«Халықаралық қатынастарда көшбасшылық теория болады. Ол бойынша харизмасы жоғары басшылар тарихта көп нәрсені өзгертеді. Менің пікірімше, Ердоған - харизматикалық көшбасшылардың бірі. Ол өзінің саяси жолында дін мәселесі болсын, ұлттық мәселе болсын Түркия азаматы болудың бақыт екенін сездірте алды. Екіншіден, дін факторын алып қарасақ, бұл елде Ердоғанға Исламның қорғаушысы ретіндегі көзқарас басым», дейді сарапшы.  

Ал, «Ердоған үлкен қалаларда не себептен жеңіске жете алмады?» деген сауалға: «Стамбулды алып қарасақ, батыстанған, еуропалық одаққа қосылу ниетіндегі үлкен қала болғандықтан, мұндағы демократиялық құндылықтар  жастардың көзқарасына әсер етпей қоймайды. Бір айта кетерлігі, Батыс БАҚ-ның, саясаткерлерінің, ғалымдарының айтып жатқанын түрік жастарының да аузынан естуге болады. Яғни, олар еркін, демократиялық қоғамда өмір сүргілері келетінін көрсетіп отыр», деген пікірін білдірді.

Хабарламаларға жазылу