«Дара жол». Жолтай Жұмат-Әлмәшұлы: Әрбір саналы азамат парасатқа қарай бейімделуі керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жол». Жолтай Жұмат-Әлмәшұлы: Әрбір саналы азамат парасатқа қарай бейімделуі керек (ВИДЕО)

09.04.2017

Бүгін «Дара жолда» прозаға түрен салған қаламгер, Әбіш Кекілбаев айтқандай, «Драматургиясында асау жанрды бағындырған драматург», қазіргі таңда ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі, үкіметтік ресми басылымдардың бас редакторы қызметін атқаратын жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмәшұлы қонақта болды.

«Ұмытылған ұрпақ» шығармасына тоқталған жазушы: «Ұмытылған ұрпақ» шығармасының алғашқы нұсқасы «Жетім жұлдыздар» деген атпен жарық көрді. Повесть жетім баланың тағдыры туралы. Ішіндегі кейбір ойлар балалықтан даналыққа, ойсыздықтан ойлылыққа, парасатсыздықтан парасатқа қарай қадам басу жайында. Туындыда әкесі ерте қайтқан, шешесі тастап кеткен тірі жетімнің тағдыры, «Ұмытылған ұрпақтың» қазіргі қоғамымызда да бар екені туралы баяндалады.

Жалпы, әрбір саналы азамат ес жинап, саналы түрде парасатқа қарай бейімделуі керек. Егер бейімделмесе, өмір бойы елең-селеңмен, мына дүниеге бос келіп, бос кеткенінің қандай мәні бар?»,-дейді.

«Дара жол» бағдарламасының толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу