«Әйел бақытында» 29 жастағы Арай Әлімбекова қонақта болып, тұрмысқа шықпай жүруінің себебін айтты. Ол ерте үйленудің пайдасы жоқ, деп есептейді.
«Маған 29 жасыма дейін жігіт қарамады деп те ойламаймын. Бір жерде қалып қаламын деп те ойламаймын. Өзімді аяғыма қойып алғаннан кейін күйеуге шығамын. Өз жағдайымды жасап алатын болсам, ерте-кеші жоқ»,- дейді бүгінгі кейіпкер.
Сонымен қатар, ол бағдарлама барысында 2 жылдан кейін тұрмысқа шығуды жоспарлап жүргенін жеткізді.