Бүгін «Әйел бақытында» «Ерте үйленген дұрыс па?» тақырыбы қозғалды.
Бағдарламада психолог Марал Сарбасқызы, 3 баланың анасы, зейнеткер Бақытгүл Ыстыбаева мен әнші Мұрат Қожа қонақта болып, ойларын ортаға салды.
«Балаларым өз қалауларымен отбасын құрды. Меніңше, ер балалар 24, ал қыздар 20 жастарында отау құруларына болады. Ер кісілердің ойы қыз балаларға қарағанда кеш дамығандықтан қыздарға ертерек кеткен дұрыс», дейді студия қонағы Бақытгүл Ыстыбаева.
Әнші Мұрат Қожа да қыз балалардың ертерек тұрмысқа шыққаны дұрыс деп есептейді. «Себебі, ол сол әулеттің адамы болып өсіп, тәрбиеленеді» дейді. Әншінің өзі 34 жасында екінші рет үйленген. Оның себебін ол студияда айтып берді.