«Ән салады мамандар» жобасының алғашқы қатысушылары – байланыс мамандарынан құралған «Жастелеком» командасы.
Тәлімгер – әнші Серік Ибрагимов.
Топ құрамында Мұхаммед Қамысбеков, Мария Серікқызы, Еркін Нұрдәулетов, Жандос Байдәулетов,Қарлығаш Әбиден және Самал Кигізбаева өнер көрсетті.
«Олар күнде ән салып жүрген жоқ, десе де, жақсы баға беруге болады. Тобыма жанашыр әрі жанкүйермін. Ауызбіршілігіміз мықты болса, жеңіске жетеміз», дейді әнші Серік Ибрагимов.
Топ халық әні «Дудар-айды» орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Сондай-ақ, «Жастелеком» мүшесі Еркін Нұрдәулетовтың отбасы да жанкүйер ретінде сахнада ән шырқады.
Естеріңізге саламыз, «Ән салады мамандар» музыкалық шоуы эфирге әр сенбі 20:35-те шығады.