78 жыл бұрын жазушы Советхан Ғаббасов дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

78 жыл бұрын жазушы Советхан Ғаббасов дүниеге келді

12.02.2017
78 жыл бұрын жазушы Советхан Ғаббасов дүниеге келді

12 ақпан, жексенбі, 2017 жыл

Халықаралық неке агенттіктері күні

2010 жылы пайда болды. жаңа мерекені белгілеу идеясын украиндық неке агенттіктерінің бірі ұсынған. 2010 жылғы 1 желтоқсанда халықаралық неке агенттіктері күні Украина БҒМ зияткерлік меншік департаментін тіркеді. Бастаманы Канада, АҚШ, Франция, германия, Испания, Италия, Швейцария елдерінің әріптес агенттіктері де қолдады.

ЕСІМДЕР

112 жыл бұрын (1905-1974) актер, Қазақстанның Халық әртісі АТАХАНОВ Нұриддин Мұхаметқалиұлы дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1939 жылы) жазушы, медицина ғылымының кандидаты, педагогика ғылымының докторы, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Зайсан ауданының құрметті азаматы ҒАББАСОВ Советхан дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940-2005) сатирик жазушы АХМЕТБЕКҰЛЫ Кәрібай дүниеге келді. 

76 жыл бұрын (1941) Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері НАЗАРБАЕВА Сара Алпысқызы дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1946-2007) жазушы, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ЖҰМАБЕК Сайлаубек дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1951) ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері ЕРМАНОВ Жүрсін Молдашұлы дүниеге келді.

54 жыл бұрын (1963) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты АЛТАЙ Асқар дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу