«Бүгін жексенбіде» әнші Нұржан Қалжан қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін жексенбіде» әнші Нұржан Қалжан қонақта

27.01.2017
 «Бүгін жексенбіде» әнші Нұржан Қалжан қонақта

«Бүгін жексенбі» бағдарламасында осы аптада Ұлттық арнадағы «KazNews» жүргізушілері Мейіржан Әлібек, Гүлназ Ауданбаева, әнші Нұржан Қалжан қонақта болады.

Сондай-ақ, жексенбілік бағдарламаға боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бақтияр Артаев «Бүгін жексенбіге» сұхбат бермек.

Роупджампинг –  экстремальды спорттың түрі. Яғни, белге байланған арқан жіп арқылы әртүрлі биіктіктен секіру. Тәуекелге барар ма едіңіз?

«Демалу» мамадығы. Елордада тұңғыш рет іске қосылған бұл кәсіп түрінің айлығы 1 000 000. Демалу арқылы табыс табудың талабы қандай?!

Тұңғыш рет Елордада тегін «Астана» баскетбол балалар академиясы ашылды. Академияға баланы қанша жастан қабылдайды? Ерекшелігі қандай?

Осы және өзге де қызықты ақпараттар легін 29 қаңтар сағат 09:30-да «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу