Талантты әнші Димаш Құдайбергенов Қытай халқын қайран қалдырды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талантты әнші Димаш Құдайбергенов Қытай халқын қайран қалдырды (ВИДЕО)

22.01.2017
Талантты әнші Димаш Құдайбергенов Қытай халқын қайран қалдырды (ВИДЕО)

Отандасымыз Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауы 21 қаңтар күні Астана уақытымен 20:30-да эфирге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың ең қиын әнінің бірі саналатын әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, қытайлық көрермендерді тәнті етті. Байқаудың қатысушылары, қытайға танымал әншілер де өз таңданыстарын жасыра алмады.

Қытайдың Sina Weibo (Твиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жетті.

Айта кетерлігі,  Қытайдағы үлкен ән байқауларының қатысушысы, қандасымыз Арай Айдархан жоба талабына сәйкес серіктес болып қатысып, қолдау көрсетті.

Байқаудың екінші кезеңі келесі сенбі күні өтеді.

Хабарламаларға жазылу