Елбасы атыраулық мұнай саласы өкілдерімен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы атыраулық мұнай саласы өкілдерімен кездеседі

07.12.2016
 Елбасы атыраулық мұнай саласы өкілдерімен кездеседі

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау қаласына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының мұнай саласы өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында телекөпір ұйымдастырылып, ірі нысандардың жұмыс барысы таныстырылады және мұнай-газ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ірі мұнай компаниялары жетекшілерімен кездесуін өткізу көзделіп отыр.

Хабарламаларға жазылу