ҚР ІІМ ТЖК республиканың 3 аймағында дауылды ескерту жариялады.
28 қараша күндіз, 29 қарашада Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында күші 23-28 м/с болатын оңтүстік-батыстан соққан жел сақталады, жел екпіні кей жерлерде 30 м/с болады. Бірқатар жерлерде бұрқасын соғады.
Астанада 28 қараша күндіз және 29 қараша күні желдің күші 17-22 м/с болады.