78 жыл бұрын жазушы Өтен Ахмет дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

78 жыл бұрын жазушы Өтен Ахмет дүниеге келді

07.11.2016
78 жыл бұрын жазушы Өтен Ахмет дүниеге келді

7 қараша, дүйсенбі, 2016 жыл

Ғылым мен бейбітшіліктің халықаралық апталығы

БҰҰ БА Саяси комитетінің 1988 жылғы қарашаның 8-дегі 43-ші сессиясының бастамасы бойынша жыл сайын атап өтіледі. 


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

87 жыл бұрын (1929) Алматыда «Қызыл әскер» - қазақ тіліндегі тұңғыш әскери газет аптасына бір рет шығып тұрды.

82 жыл бұрын (1934) Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қыз Жібек» - опералық шығармасының алғашқы қойылымы өтті. Басты партияларды К.Байсейітова (Жібек), Қ.Байсейітов (Төлеген), М.Ержанов (Шеге) орындады.

шж

85 жыл бұрын (1931) бұрын Қарағанды облысында алғашқы радио хабары эфирге шықты. Қазір облыста ондаған радио торабы, 400 мың радио және 500 мыңнан астам теледидар нүктелері бар.

ер

71 жыл бұрын (1945) Алматыдағы Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс академиялық жасөспірімдер театрының негізі қаланды. Наталья Ильинична Сац - 1918 жылы әлемдегі алғашқы балалар театрын құрды.

№

60 жыл бұрын (1956) Арқалық геологтар және құрылысшылар кентінің негізі қаланды.

щж

53 жыл бұрын (1963) Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының «Жас тұлпар» мәдени-ағарту ұйымы құрылды. Ұйымдастырушылары Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжанов болды.

16 жыл бұрын (2000) «Ислам және өркениет» газеті жарық көрді.

оьр

 

ЕСІМДЕР

40 жыл бұрын (1976) қазақстандық әнші, термеші, «МузАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Әбіләшімұлы БЕСБАЕВ дүниеге келді.

лоб

91 жыл бұрын (1925) ақын, жазушы, драматург Масимжан ЗУЛФИКАРОВ дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935-2004) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жаңалық ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938) жазушы Өтен АХМЕТ дүниеге келді.

\зх

77 жыл бұрын (1939) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сұлтан Мәжитұлы ОЗДОЕВ дүниеге келді.

65 жыл бұрын (1951) Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек АБДРАХМАНОВ дүниеге келді.

лзщэ

153 жыл бұрын (1863-1893) куба ақыны, модернизмнің ірі өкілі Хулиан дель КАСАЛЬ дүниеге келді.

олюжД

149 жыл бұрын (1867-1934) атақты француз физигі және химигі, Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты СКЛОДОВСКАЯ-КЮРИ Мария дүниеге келді.

125 жыл бұрын (1891-1926) кеңес жазушысы, прозашы, «Чапаев» романының авторы ФУРМАНОВ Дмитрий дүниеге келді.

хъ

103 жыл бұрын (1913-1960) француз жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Альбер КАМЮ дүниеге келді.

ю№шлщ

Хабарламаларға жазылу