5 қазан, сәрсенбі, 2016 жыл
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
148 жыл бұрын (1868) Талдықорған қаласының іргетасы қаланды. Алдымен, Гавриловка селосы бой көтерді. Кейін келе ауыл қалашыққа айналып, алып шаһар пайда болды.
86 жыл бұрын (1930) Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) ашылды.
73 жыл бұрын (1943) Шымкентте Қазақ химия-технология институты ашылды.
23 жыл бұрын (1993) ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды.
11 жыл бұрын (2005) Алматыда белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының кинематографтар одағының мүшесі Қ.Омаровтың «Мұнай тамшысындағы тағдырлар» атты деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті.
ЕСІМДЕР
96 жыл бұрын (1920-1988) ақын Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ дүниеге келді.
92 жыл бұрын (1924-1988) белгілі сатирик, жазушы Шона СМАХАНҰЛЫ дүниеге келді.
80 жыл бұрын (1936-2010) Социалистік Еңбек ері, екі мәрте Ленин орденінің иегері, Қазан төңкерісі мен Еңбек Қызыл Ту ордендерінің, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Жоғары Кеңесі шақырылымдарының депутаты, Қазақстанның мал шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері, қоғам қайраткері Зылиха Жанболатқызы ТАМШЫБАЕВА дүниеге келді.
76 жыл бұрын (1940-1996) кескіндемеші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Төлепбайұлы ТОҒЫСБАЕВ дүниеге келді.
75 жыл бұрын (1941-2011) жазушы, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Базарбай ИСАЕВ дүниеге келді.
57 жыл бұрын (1959) боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Төкенұлы НҰРҚАЗОВ дүниеге келді.