Ресейліктер EXPO көрмесіне келетін туристерге логистикалық жағдайды жақсартып, транспорттың барлық түрін қарастыруда.
Бұл туралы бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы мен ресейлік губернаторлардың өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы кезінде белгілі болды.
Қазір елімізбен шекаралас Ресей аймақтарында туристер үшін барыс-келіс жақсарған. Мәселен, Астрахань арқылы Батыс Қазақстан облысына қатынау мәселесі шешілуде. Дәл осындай қолайлы маршруттар Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өзге де облыстарында болады.
Ұлттық компания төрағасы Ахметжан Есімов EXPO көрмесіне дайындықтың қызу екенін айтып, келетін қонақтардың басым көпшілігі Ресей, Қытай мен Орталық Азиядан күтіліп отырғанын жеткізді.
Осы және өзге де айтулы оқиғалар туралы толығырақ 17:30-да «KazNews» жаңалықтарынан көріңіздер.