ҚР Ұлттық банкі жеке төлем ұйымдарын тіркеуге алатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық банкі жеке төлем ұйымдарын тіркеуге алатын болады

27.06.2016
ҚР Ұлттық банкі жеке төлем ұйымдарын тіркеуге алатын болады

Бұдан былай Ұлттық банк жеке төлем ұйымдарын тіркеуге алатын болады. Бүгін Сенат комитеті «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасын талқылап, жалпы отырысқа шығару туралы шешім қабылдады. Құжат бекісе банктер қарызды өндіру үшін қазіргідей тұрғындардың есеп шоттарынан жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерінен ұстап ала алмайды. Оған түбегейлі тиым салынады. Сондай-ақ, банктер тарифтерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Олар клиентті төлем операциясын жасамай тұрып, алынатын комиссия мөлшерімен таныстыруы тиіс. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап еліміздегі банктер аптасына 7 күн жұмыс істейді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу