Былтыр салықтан жалтарған бизнесмендердің кесірінен ел бюджетіне 75 млрд теңге түспей қалды. Осы себепті, елімізде енді жалған кәсіпкерлікпен күрестің арнайы картасы түзіледі. Бүгін халық алдында есеп берген Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Оның айтуынша өткен жылы Салық комитетінің өкілдері жалған кәсіпкерлікпен айналысқан 2 жарым мың азаматты анықтады.
Айдана ҮСЕНБАЙ