ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі кеңесі 2017 жылы Ташкентте өтеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитет төрағасы Сергей Лебедев Бішкектегі СІМК отырысында айтты.
«Сыртқы істер министрлерінің кезекті кеңесін 2017 жылы 7 сәуірде Ташкентте өткізу жөніндегі шешім қабылданды», - деп хабарлады Лебедев.
Сондай-ақ, ол СІМ басшылары ТМД сыртқы саяси ведомстволарының жұмысы бойынша бірқатар жобаны мақұлдағанын жеткізді. Олардың ішінде - терроризммен бірлесіп күресу мен одақтың заманауи жағдайына бейімделу шаралары.
Еске сала кетейік, ТМД сыртқы істер министрлерінің саммиті бүгін Бішкекте өтуде.
inform.kz