«Біз осындай Ұлттық арнаны армандағанбыз!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біз осындай Ұлттық арнаны армандағанбыз!»

15.09.2016
«Біз осындай Ұлттық арнаны армандағанбыз!»

Апта басындағы айшықты оқиғаның бірі – Ұлттық арнаның жаңа телемаусымының тұсаукесерлік «Бұл – менің Қазақстаным!» атты кеші болды. Алматыдағы барша зиялы қауымның басын қосқан салтанатты жиында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұл маусым ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналатындығын атап көрсетті.

Бір жағынан көрермендермен қауы­шу, екінші жағынан талғампаз орта­ны шығармашылық бастамалармен таныс­тыру сипатында өткен кеш Ұлттық арна­ның өткені мен бүгінін саралап, тамаша ұсыныстар, ақыл-кеңестерден де кенде болған жоқ.

Кешке «Қазақстан» РТРК» АҚ Бас­қар­ма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова қаты­сып, зиялылармен дидарласып, жаңа маусымның жай-жапсары туралы кеңінен баяндады.

Мемлекет өмірінің айнасы іспеттес Ұлттық телеарна командасына Ұлттық ғылым академиясының академигі, профес­­сор, Төрегелді Шарманов, Қазақ­стан­­ның Халық әртісі Сәбит Оразбаев, Олим­пиада чемпионы Жақсылық Үш­кемпіров, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Марал­тай Райымбекұлы сөз сөйлеп, өз сала­ларына қатысты ойларын ортаға салды.

Қарап отырсақ, Ұлттық арна – ұлт тұлғаларының да жүріп өткен жолының ғұмырнамасы. Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев мәдени бағдарламаларға қатысты пікірін айтып, өзі осы арнада 46 жыл әуелеткен «Атамекен» әнін шырқады.

Кеш барысында телеарна жетекшісі Н.Мұхамеджанова «Қазақстан» Ұлттық арнасының 2016-2017 жылдарға арналған тұсаукесерін өткізу – корпорация үшін бір жа­ғынан үлкен жауапкершілік болса, екін­ші жағынан мерейлі міндет екенін айтты.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойы қарсаңында мерекелік маусымдағы бағдарламалар мен телетуындыларды таныстыруды азаттыққа бесік болған ару қаладан бастағанды дұрыс санадық және таяу күндері Алматы өзінің 1000 жыл­дық тойын өткізеді. Он ғасыр бойы тарихтан ойып тұрып орын алған қала­ның қуанышына үлес қосуды өзіміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.

Үшіншіден, сонау 1958 жылы телевизия саласына бесік болған да осы қала. Соңғы жылдары біздің корпорация тұрақты түрде Астанада жұмыс істеп жатқанымен, Алматы біздің ұжым үшін ұшқан ұя, түлеткен ыстық мекен саналады. Тағы бір себепті айта кетейін, біздің Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша барлық хабарды мемлекеттік тілде таратып келе жат­қ­анымызға биыл 1 қыркүйекте 5 жыл толды. Ұлттың зиялы қауымының қай­мағы Алматыда топтасқан соң біз қазақ тіліндегі жаңа және жаңарған бағдарламаларымыз бен енді түсіріліп біткен телесериалдарымызды өздері­ңіздің ақ баталарыңызбен бастаған­ды жөн көрдік», – деді Нұржан Жалауқызы.

Басқарма төрайымы телеарна өнім­деріне де тоқталды: «Телевизияның хабарлары берілуіне қарай күнделікті, апталық және бір жолғы болып бөлінетінін білесіздер. Біздің күнделікті берілетін бағдарламаларымыз «Таңшолпанмен» басталып, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» аяқталады.

Оның арасында «Бірге таңдаймыз!» бен «Әйел бақыты», «Айтуға оңай…» бағдарламалары және бірнеше рет Жаңалықтар топтамасы қайталанады. Бұл бағдарламалар жаңа маусымда жалғасады. Көрерменге билікті неғұрлым жақындату биылғы жылдың басты ұстанымы болмақ. Бұған апта сайын шығатын «Серпіліс», «Қоғамдық кеңес» және «Сұхбат» бағдарламалары дәлел болады. Елбасы ел алдына қойған Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша қазір барлық аймақтарда қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.

Мұнда талқыланған тақырыптар біздің апталық «Қоғамдық кеңес» атты жаңа бағдарламамыздың өзегіне айналады. Ал, әркім өз көкейінде жүрген сауалға тура жауап алуы үшін осы айдан бастап «Сұхбат» атты тікелей эфирде өтетін бағдар­лама ашып жатырмыз. Жаңа мау­сымда талантты ақын Қалқа­ман Сарин жүргі­зетін «Ой-толғау» бағдар­лама­сы эфир­ге шығады»,-деді Н.Мұхамеджанова.

Жеке жобаларға да тоқталған Басқарма төрайымы: «Телевизияны сынағандар көбі­несе «бұлар шетел жұлдыздарына та­бын­ғыш» деп жатады. «Қазақстан» Ұлт­­тық арнасы өз төрін тек ұлтымыздың өнер­­лі, талантты тұлғаларына ұсынады. Биыл­­ғы маусымда «Ұлы дала баласы» ат­ты жоба табысты жүріп жатыр. Онда ән­­ші Төреғали Төреәлі Қазақстанның бір­­не­ше аймағында болып, ел өмірінің жақ­­сы­­л­ық­қа қарай өзгергеніне куә бол­ды.

Ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына ар­нал­­ған бұл арнайы жобамыздың рей­тин­­гі өте жоғары. Ұлттық өнерге деген қам­­қор­лық­тың және бір көрінісі жа­қын күн­дері эк­ранға жол тартатын «МузАРТ LIVE» жо­басы. Ондаған жыл бойы бар­ша­ңыз­ды ән­мен тербеген аталмыш топ­тың мү­ше­лері енді бүкіл қазақ даласы­нан өздері сияқты талантты жастарды іздейді»,-деді.

ьтлбю

Сондай-ақ, бірнеше жылдан бері Ұлттық арна отандық телесериалдар түсіруді қолға алғаны белгілі. Көрермен жылы қабылдаған «Сырғалым», «Қарашаңырақ», «Көк тарландары», «Аяулы арман», «Әпке» сынды сериал­дар әбден таныс. Телеарна үстіміздегі жылдың басында ақын Жамбыл Жабаев туралы төрт бөлімді деректі де көр­кем фильм түсірген. Оның бір жарым сағат­тық нұсқасы кинотеатрларда көрсетілді.

«Қазақстанның Тәуелсіздік жыл­дарын­да жүріп өткен жолы ешкімнің ойы­нан шықпауы керек. Осыны ескере отырып, біз көпсериялы «Айман-Шол­пан» телехикаясын түсірдік. Алдағы күндері эфирге шығатын тағы бір туынды «Шекара шебінде» деп аталады. Міне, мерейлі де мерекелі жылы сіздердің алдарыңызға ұсынатын өнімдеріміздің бір бөлігі осындай. «Бұл – менің Қазақстаным!» деп баршамыз мақтанып жүрейік!»,-деп сөзін аяқтаған Басқарма төрайымының сөзін тұлғалы азаматтар тамаша ой-пікірлерге ұластырды.

«Біз 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын осындай Ұлттық арнаны арман­дағанбыз!»,-деді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Дулат Исабеков.

Айта кету керек, жаңа телемаусым кеші барысында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері және «Құрманғазы» оркестрі мен «Хассақ» этнофольклорлық тобы өнер көрсетті. Танымал өнер адам­дары әннен шашу шашты.

«Егемен Қазақстан»

Хабарламаларға жазылу