«Discovery Channel» телеарнасы туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Discovery Channel» телеарнасы туралы не білесіз?

30.01.2016
«Discovery Channel» телеарнасы туралы не білесіз?

Бұл арна «Discovery Communications» компаниясының иелігінде.

Арнаның негізін қалаушы 1982 жылы «Cable Educational Network Inc» компаниясын құрған Джон Хендрикс. Университетте жүріп ол мұғалімдердің студенттерді оқытуына арналған әртүрлі деректі фильмдерімен айналысты. Бірақ, ол кезде осындай бағдарламаларды тұрақты көрсетіп тұратын бірде бір арна болмады. Сол себепті, оны Хендрикс өзі құруды ойластырды.

Өз арнасын іске қосу үшін Хендрикс бірнеше жылда 5 миллион АҚШ долларын жинады. Негізгі салымшысы «Allen & Company» инвестициялық компаниясы болды.

Бұл арна эфирге 1985 жылғы 17-маусымда шығып, АҚШ-та 156 000 жазылушысы болды. Осы кезде «Discovery Communications» компаниясының негізі құрылды. Көп ұзамай 1989 жылдың сәуір айында арнаны Англия мен Скандинавия тұрғындары да көріп, халықаралық арнаға айналады. Қазіргі уақытта арнаны 220 ел әр тілде тамашалап, ол өзінің 3 миллиард жазылушысымен мақтана алады.

Хабарламаларға жазылу