Кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтудың, ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары қаралды. Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.
Мемлекет басшысы халықаралық антиядролық конференцияға қатысу үшін елімізге сапармен келгені үшін С.Чоудхуриге алғыс айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев түрлі елдердің парламент мүшелері арасындағы тығыз байланыстың, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қарудан азат әлем қалыптастыру үшін бірлесе қызмет ету жолында жұмылудың маңыздылығын атап өтті.